ИЛУ-10 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮДЕТКІШПЕН ӨҢДЕГЕН ҚҰС ЕТІНІҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/DDFB5762Тірек сөздер:
құс еті, ИЛУ-10 электронды үдеткіш, микробиологиялық көрсеткіш, қауіпсіздік, сақтауАңдатпа
Бұл зерттеуде құс етінің микробиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ИЛУ-10 электронды радиациялық үдеткішін қолдану тиімділігі зерттелді. 2 кГр, 4 кГр, 6 кГр, 8 кГр дозаларында сәулелендірудің Escherichia coli, Salmonella spp., Listeria monocytogenes сияқты патогенді микроорганизмдерге әсері талданды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, сәулелендіру дозасы артқан сайын микробиологиялық ластану деңгейі айтарлықтай төмендеді, әсіресе 6-8 кГр дозаларында патогендердің толық жойылуына жақын нәтижелер байқалды. Сонымен қатар, радиациялық өңдеудің құс етінің сақтау мерзіміне оң әсері анықталды. Бұл зерттеу электронды сәулелендіру технологиясының құс өнімдерінің микробиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімділігін көрсетеді және оны өнеркәсіптік қолдану мүмкіндіктерін айқындайды.