ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЕТ ӨНІМІ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛДЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/GTNS3728Тірек сөздер:
ет өнеркәсібі, қайта өңдеу өндірсі, қоректік заттар, азықтық қоспа, ірі қара малы, қой-ешкі шаруашылығы, етті қалдықтар, сүйек мөлшері, қан сұйықтығы, қой қаны, ірі қара қаны, шикізат, орташа салмақ, қасапхана, бордақылауАңдатпа
Ет өнеркәсібінің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығының жануар тектес шикізатын кешенді және бірізді өңдеуді қамтамасыз ететін өндірістік кешендерді ұйымдастыру болып табылады. Негізгі өнім ретінде ет алынғанымен, сонымен қатар әртүрлі тағамдық май түрлерін қамтитын ілеспе өнімдер де өндіріледі. Бұдан бөлек, негізгі өніммен қатар тағамдық емес қосалқы өнімдер мен техникалық шикізат түзіледі, олар кейіннен мал азығын, тағамдық және техникалық альбумин, сабын, желатин және басқа да өнімдерді өндіруге бағытталады. Мақалада Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ет өнімдері өндірісінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қарастырылып, қайта өңдеу өндірісінде жеткілікті деңгейде пайдаланылмай отырған факторлар анықталып, оларды тиімді қолданудың маңыздылығы негізделген.

