«МТС» ЖШС ҚҰРЛЫСШЫЛАРЫ ҮШІН АРНАЙЫ КИІМНІҢФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖӘНЕ МАТАЛАРДЫ ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ

«МТС» ЖШС ҚҰРЛЫСШЫЛАРЫ ҮШІН АРНАЙЫ КИІМНІҢФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖӘНЕ МАТАЛАРДЫ ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • У.Н. Бегешова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • А.А. Ешжанов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • Б. Абзалбекұлы М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/UWXI3703

Тірек сөздер:

арнайы киім, мата, маркетинг зерттеу, функционалды сипаттама, сапаны қамтамасыз ету, кәсіпорындар, сараптамалық бағалау, жеке қорғаныс құралдары

Аңдатпа

Бұл мақалада маркетингтік ақпаратты қолдана отырып, арнайы киімге арналған материалдар талданған. Үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында сапалы және функционалды арнайы киімге деген қажеттілік артып келеді. Зерттеу мақсаты жұмысшылардың қалауын анықтау және материалдар таңдаудағы заманауи тенденцияларды анықтау. Зерттеу үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде Web of Science және Scopus дерекқорынан мақалалар іріктеледі, олар техникалық аспектілерді егжейлі қарастырады. Шолу процесінде аналитикалық көріністі қамтамасыз ете отырып, көлемді деректерді жүйелі түрде сипаттайды. Екінші кезеңде сауалнама, фокус-топтар және бақылау әдістері қолданылады. Демек, тұтынушылардың қалауы мен киімнің сипаттамаларын қабылдау туралы өзекті деректерді жинауға мүмкіндік береді. Жоғарғыда айтылғандарды іске асыру үшін ғалымдардың жұмыстарына сүйене отырып, құрылыс обьектілерінде сараптамалық сауалнама жүргіздік. Біз «МТС» ЖШС ЛТД және «Саламат» корпорацияларында салыстырмалы сараптамалық сауалнама жүргізудің жалпы әдістерін қолдандық. Үшінші кезең – маталарды жақсарту және жмыс киімдерінің функционалды сипаттамаларын талдау. Сонымен қатар, қысқа сұхбаттар жүргізілді. Сарапшылардың сауалнамасының нәтежелері бойынша арнайы киім дәрежелерінің түрлендірілген матрицасы және Google форматында тестілеу жүргізілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
Loading...