«ТАЛҚАН-ҮЛПЕК» ҰЛТТЫҚ ӨНІМІНІҢ РЕЦЕПТУРАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/NTHZ7458Тірек сөздер:
«Талкан» қазақ ұлттық өнімі, қайнатуды қажет етпейтін дәнді үлпектер, рецептураны оңтайландыруАңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада қазақтың ұлттық өнімінің бірі «Талқанның» сипаттамасы және оны дәстүрлі схема бойынша алу жолы көрсетілген. Сонымен қатар қазақтың ұлттық астық өнімдерінің ассортиментін кеңейту мақсатында қайнатуды қажет етпейтін үшдәнді үлпектердің негізінде «Талқан-Үлпек» өнімін алу технологиясы ұсынылды. Сондай-ақ «Талқан-Үлпек» қазақтың ұлттық астық өнімінің рецептурасын оңтайландыру мақсатында Microsoft Excel электрондық кестесінің көмегімен есептеулер жүргізілді. Қойылған мәселені шешу нәтижесінде құрамындағы ақуыздың максималды, яғни 13,52%-ға тең мөлшерін қамтамасыз ететін «Талқан-Үлпек» өнімін алу үшін қайнатуды қажет етпейтін үшдәнді үлпектерінің рецептурасы анықталды.