ДОРПЕР ТҰҚЫМДЫ ҚОЙ ЕТІНІҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН, ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СЕНСОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/YQIW4448Тірек сөздер:
ет өнімділігі, ет химиясы, гистологиялық зерттеулер, микроқұрылым, сенсорлық талдау, сою өнімділігіАңдатпа
Мақаланың мақсаты: Дорпер тұқымды қой етінің өнімділігін, тағамдық құндылығын, гистологиялық және сенсорлық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде зерттеу. Мақалада сою көрсеткіштері мен ет сапасын гистологиялық деңгейде бағалау деректері келтірілген. Дәнекер тіннің көбеюі қой етінің дәмі мен тағамдық құндылығының төмендеуіне әкеледі. Бұлшықет талшықтарының диаметрін зерттеу көрсеткендей, Дорпер тұқымды қой етінде бұл көрсеткіш Меринос тұқымды қой етіне қарағанда аз. Бұл Меринос қойының етіне қарағанда Дорпер қой етінің нәзік консистенциясына байланысты. Жалпы, Солтүстік Қазақстан өңірі жағдайында өсірілген Дорпер тұқымды қой етінің ет өнімділігін, тағамдық құндылығын, гистологиялық және сенсорлық көрсеткіштерін зерделеу және талдау оны жоғары сапалы ет өнімдерін, оның ішінде ұлттық қайнатылғанысталған өнімдерді өндіруде қолдануға болатындығын көрсетті.