МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ СУТЕКТІҢ ЖҮЗІМ ҚАБЫҒЫНАН БИОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІНЕ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/GDRW6729Ключевые слова:
кожура винограда, полифенолы, водород , экстракция, антиоксидантная активностьАннотация
Берілген жұмыста жүзім қабығынан құнды қосылыстарды бөліп алу тиімділігі төрт түрлі еріткішті қолдану арқылы зерттелінді: бақылау үлгісі, сутекпен қанықтырылған, қышқылдандырылған, сондай-ақ қышқылдандырылған және сутекпен қанықтырылған. Үлгілерде жалпы полифенолдар (TPC), флавоноидтар (TFC), антоциандар (TMA) мөлшері және DPPH, ABTS және FRAP әдістерімен антиоксиданттық белсенділік анықталды. Сулы экстракттілерде зерттелген еріткіштер арасында елеулі айырмашылықтар байқалмады. Этанолды жүйелерде қышқылдандыру мен сутекпен қанықтыру үйлесімі TPC және TMA көрсеткіштерінің, сондай-ақ DPPH және ABTS әдістері бойынша антиоксиданттық белсенділіктің айтарлықтай артуына әкелді. Бұл ретте FRAP көрсеткіштері іс жүзінде өзгеріссіз қалды, бұл молекулярлық сутектің әсерінің селективті сипатын көрсетеді: ол полифенолдар мен антоциандардың шығымын арттырады, бірақ FRAP әдісімен бағаланатын тотықсыздандырғыш қабілетіне әсер етпейді. Алынған нәтижелер жүзім қалдықтарынан құнды биологиялық белсенді қосылыстар шығымын бағытты түрде арттыру үшін сутекпен қанықтырылған қышқылдандырылған этанолды еріткіштерді қолданудың болашағы бар екенін растайды.
Загрузки
Опубликована онлайн
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2026

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.
