ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ТЕРМОГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ  ӘДІСПЕН КАОЛИН, АКРИЛАМИД  ЖӘНЕ  КРАХМАЛ  НЕГІЗІНДЕ АЛЫНҒАН  ГИДРОГЕЛЬДЕРДІҢ ҚАСИЕТІН  ТАЛДАУ

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ТЕРМОГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ  ӘДІСПЕН КАОЛИН, АКРИЛАМИД  ЖӘНЕ  КРАХМАЛ  НЕГІЗІНДЕ АЛЫНҒАН  ГИДРОГЕЛЬДЕРДІҢ ҚАСИЕТІН  ТАЛДАУ

Авторлар

  • A. Азимов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Г.М. Изтлеуов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • А.А. Болысбек М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/QESY9252

Тірек сөздер:

гидрогельдер, крахмал, акриламид, каолин, термогравиметриялық талдау, композиттік материалдар

Аңдатпа

Бұл жұмыста крахмал, акриламид және каолин негізінде алынған суперсіңіргіш гидрогель-композиттердің физика-химиялық және термиялық қасиеттері зерттелді. Табиғи крахмал биологиялық ыдырайтын полимерлік матрица ретінде қолданылса, акриламид гидрогельдің гидрофильділігі мен ісіну қабілетін арттыру мақсатында пайдаланылды. Қабатты алюмосиликатты минерал – каолин бейорганикалық толтырғыш ретінде енгізіліп, композиттің құрылымдық беріктігі мен термиялық тұрақтылығын күшейтті. Гидрогельдер бос радикалды сополимерлену және химиялық айқастырып тігу әдістері арқылы синтезделді. Алынған үлгілердің құрылымдық және морфологиялық ерекшеліктері инфрақызыл спектроскопия (ИҚ), сканерлеуші электрондық микроскопия (SEM) және дифференциалды термогравиметриялық талдау (TG/DTG/DSC) әдістерімен сипатталды. ИҚ-спектрлер крахмал, акриламид және каолин арасындағы химиялық өзара әрекеттесуді және кеңістіктік торлы құрылымның қалыптасуын растады. SEM нәтижелері жоғары су сіңіруге қолайлы кеуекті морфологияны көрсетті. Термогравиметриялық талдау композиттердің көпсатылы термиялық ыдырауға ұшырайтынын және каолиннің термиялық тұрақтылықты арттыратынын дәлелдеді. Алынған гидрогельдер экологиялық қауіпсіз, құрылымдық тұрғыдан тұрақты материалдар ретінде ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау салаларында қолдану маңызы үлкен болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...