КӨПОРЛЫ ҚҰМШАҒАЛТҰТҚЫШТАРДЫҢ ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАСЫНДЫЛЫҚ РЕЖИМДЕРІН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/ZOQL5528Тірек сөздер:
тасынды, көпорлы құмшағалтұтқыш, тәжірибелік қондырғы, зерттеу әдістемесі, эксперимент нәтижелері, құмшағалтұтқыштардың гидравликалық және тасындылық режиміАңдатпа
Ғылыми жұмыста көпорлы құмшағалтұтқыштардың жаңа конструкцияларында гидравликалық және тасындылық режимдерін зерттеу туралы жазылады. Көпорлы құмшағалтұтқыштардың берілген нобайлары, жинақылығына орай, гидротехникалық құрылыс пен пайдалануда өте ыңғайлы. Бірақ, орларды өндірісте бұлай орналастыру кезінде су ағыны, құрылым маңында айтарлықтай буырқану әсеріне тап болады және бұл өз кезегінде ұсақ тасындылар мөлшерінің қалқып шығуын тудырып, оларды қарпу жағдайын нашарлатады. Бұл, ор үстінен су ағыны өткен кезде қабырға маңы қабатының жоғарғы бөліктерінен ажырау жүруімен түсіндіріледі. Соған орай, орлар арасында ағын қайтадан қабырға маңы қабатын дамыту керек, оның қалыңдығы арна түбінің қысқа бөліктерде өте мардымсыз. Бұл үйкелістің жанама кедергісінің өсуіне алып келеді, ал сонымен бірге ағын жылдамдығының тік пульсация құраушысы мәні де өседі. Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, түпкі тасындылардың құрамында ұсақ бөлшектердің мөлшері өте көп болған жағдайда, оларды тұту жағдайын жақсарту үшін, су ағынында қабырға маңы су қабатының толық дамуын қамтамасыз ететін орлар арасында тыныштандыру бөліктерін орнату және үйкелістің жанама кедергілігін қалыптыға дейін төмендету қажет. Құмшағалтұтқыштардың ұсынылатын конструкцияларын зерттеу – лабораториялық жағдайларда модельдерде орындалады. Мақалада, түптiк тасындыларды тұтып қалатын құмшағалтұтқыштарды зерттеуге арналған тәжiрибелiк қондырғы және зерттеу әдістемесі, зерттеу қондырғысы және жүргізілген эксперимент нәтижелері мен құмшағалтұтқыштардың жаңа конструкцияларында гидравликалық және тасындылық режимдері зерттелді.
