ҚАБЫРҒА КОНСТРУКЦИЯСЫНДАҒЫ ҚАБАТ ҚАЛЫҢДЫҒЫ МЕН ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ ЖЫЛУ КЕДЕРГІСІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

ҚАБЫРҒА КОНСТРУКЦИЯСЫНДАҒЫ ҚАБАТ ҚАЛЫҢДЫҒЫ МЕН ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ ЖЫЛУ КЕДЕРГІСІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

Авторлар

  • Г.К. Тайманова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.М. Максутханова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Ш.С. Оспанова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • М.С. Таженова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • К.Т. Әділхан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/KQKY1524

Тірек сөздер:

қабырға конструкциясы, жылутехникалық талдау, энергия тиімділігі, жылуөткізгіштік коэффициенті, қабат қалыңдығы, жылу оқшаулау, құрылыс материалдары

Аңдатпа

Қазіргі құрылыс саласында энергия тиімділігін арттыру мен жылу үнемдеу мәселесі ерекше маңызға ие. Энергияның шамадан тыс шығыны көбінесе ғимараттардың сыртқы қоршау құрылымдарының жеткіліксіз жылутехникалық қасиеттерімен байланысты. Осыған байланысты қабырға конструкцияларының құрылымдық параметрлерін оңтайландыру – заманауи құрылыс инженериясының өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Мақалада қабаттардың қалыңдығы мен жылуөткізгіштік коэффициентінің әртүрлі комбинациялары қарастырылып, олардың қабырғаның жалпы термиялық кедергісіне және температуралық өрісіне әсер ету ерекшеліктері зерттелді. Зерттеу барысында қабаттардың геометриялық және физикалық сипаттамалары арасындағы өзара байланыс талданды, олардың жылу сақтау тиімділігіне әсер ету заңдылықтары айқындалды. Сонымен қатар, жылу оқшаулағыш қабатты орналастырудың конструкцияның энергия тиімділігіне ықпалы сипатталды. Жұмыс нәтижелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс нормаларына сүйене отырып алынған және оларды жобалау тәжірибесінде, сонымен қатар энергия үнемдеу және жылу тиімділігі бойынша жаңа инженерлік шешімдерді әзірлеуде қолдануға болады. 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Құрылыс технологиялары
Loading...