БАЛАЛАР КИІМДЕРІН ЭРГОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/ZHMS3899Тірек сөздер:
эргономикалық жобалау, киім, профилактикалық функция, балалар денебітімі, тұлғаның түрлері, антропометриялық өлшемдерАңдатпа
Бұл мақалада арнайы мақсаттағы балалар киімін эргономикалық жобалау кезінде профилактикалық функцияны орындауға бағытталған ғылыми-практикалық міндеттер қарастырылған. Зерттеу барысында төменгі мектеп жасындағы қыздардың дене бітімі бұзылуының негізгі түрлері анықталып, олардың алдын алу үшін киім үлгілерінің эргономикалық сипаттамалары негізінде жобалау тәсілдері ұсынылды. Зерттеу үшін балалардың нақты дене өлшемдері мен құрылымдарын зерделеу мақсатында антропометриялық мәліметтер жиналды. Балалар киімін жобалау кезінде қажетті деректер мен ақпараттардың негізінде әртүрлі параметрлерге сай киім үлгілерінің түрлері анықталып, эргономикалық тұрғыдан қолайлы модельдер ұсынылды. Балалар киімінің эргономикасы мен профилактикалық функциясын жетілдіруге бағытталған, әрі оның денсаулыққа зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тәсілдерді ұсынады.