МИСЦЕЛЛАДАҒЫ МАҚТА МАЙЫН АРАЛАС ӘДІСПЕН ТАЗАРТУ АРҚЫЛЫ АЛЫНҒАН СОАПСТОК ҚҰРАМЫ МЕН ОНЫ ШАЮ СУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/YWTH2583Тірек сөздер:
мисцелла, соапсток, май қышқылдары, екі реттік престеу, экструзия технологиясы, гидрленген май, сілтілі тазарту, фосфолипиттер, госсиполАңдатпа
Бұл мақалада мисцелладағы мақта майын аралас әдіспен тазарту арқылы алынған соапсток құрамы мен оны шаю суының ерекшеліктері қарастырылған. Соапстоктың құрамында сабынның, майдың, фосфор қосылыстарының, бояғыштардың минералды және механикалық қоспалардың және т.б. судағы ерітіндісі бар. Соапстоктан бос май қышқылдарын бөліп алу үшін оны минералды қышқылдармен немесе сілтілермен (бейтарап майды сабындау үшін), содан кейін дистилляциялау арқылы өңдейді. Дәстүрлі (бақылау) және аралас әдістермен алынған соапстоктың липидтік құрамының, бейтарап майдың және түсінің салыстырмалы көрсеткіштері, сонымен қатар тазартылған мақта майларын мисцеллада көп рет жуу көрсеткіштері келтірілген. Поляризацияланған заттардың сутектік байланыстары арқасында олардың молекулалық құрылымдары мақта мицелласында түзілетіні анықталды, бұл мисцеллада мақта майының гидратациялау және сілтілі бейтараптандыру процестерінің қарқындылығын төмендетеді.