БҮТІН ДӘНДІ БИДАЙ ҰНЫН ПАЙДАЛАНЫП КРЕКЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/YVZS4266Тірек сөздер:
ұнды кондитер өнімдер, бүтін дәнді бидай ұны, фермент, дәстүрлі емес шикізат, крекерАңдатпа
Бұл мақалада дәстүрлі емес шикізатты ұнды кондитерлік өнімдер жасауға қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар, зерттеу аясында өнім түрлерін арттыру және тағамдық құндылығы жоғары өнім өндіру мәселелері зерттелді. Бүтін дәнді бидай ұны дәстүрлі емес шикізат ретінде қарастырылып, оның тағамдық және биологиялық құндылығын жоғарылату мақсатында қолдану негізделді. Бидай ұнының теңгерімсіз құрамына байланысты, басқа шикізат түрлерін пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, дәстүрлі емес шикізат негізінде крекер дайындау технологиясы әзірленді. Фермент қосу арқылы қамырдың ашу уақытын оңтайландыру әдістері қарастырылып, дайын өнімнің сақталу барысында сапалық қасиеттерін бақылауға баса назар аударылды. Бұл бағытта тиімді технологиялар мен жаңа рецептураларды құру басты міндет ретінде белгіленді. Алда тұрған бірнеше міндеттерді функционалды бағыттағы шикізаттарды енгізе отырып, тиімді технологиялар мен рецептура жасау арқылы орындауға болады.