ЗЫҒЫР ТҰҚЫМЫ ЖӘНЕ БОРАЙ ҰНЫН АШЫТҚЫСЫЗ ҚАРА БИДАЙ-БИДАЙ НАНЫНЫҢ РЕЦЕПТУРАСЫНА ҚОСУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ЗЫҒЫР ТҰҚЫМЫ ЖӘНЕ БОРАЙ ҰНЫН АШЫТҚЫСЫЗ ҚАРА БИДАЙ-БИДАЙ НАНЫНЫҢ РЕЦЕПТУРАСЫНА ҚОСУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • А.М. Әбіш Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • М.П. Байысбаева Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/SPFA5770

Тірек сөздер:

ашытқысыз нан, қара бидай ашымалы, рецептура, зығыр тұнбасы, борай ұны

Аңдатпа

Бұл мақалада жақсы сіңімділікке және ас қорыту процесін жеңілдетуге арналған зығыр тұқымының тұнбасы және борай ұны қосылған ашытқысыз нанның артықшылықтарын қарастырады. Заманауи қоғамда салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануға көбірек көңіл бөлу сонымен қатар, пайдалы әсер ететін өнімдерді жасау міндетін алдыға қояды. Нан өнімдеріне арналған оңтайлы отандық рецептураны табу осы процестің ажырамас бөлігі. Ашытқысыз нан технологиясын дамыту ашытқыларды қолданбай нан өнімдерін жасауға бағытталған. Зерттеу нанның қолайлы дәмі мен құрылымын қамтамасыз ету үшін сүт қышқылды бактериялар немесе ашымалдарды таңдауды қамтиды. Жұмыс зығыр тұнбасымен байытылған қара бидай ашымалы негізінде дайындалған ашытқысыз нанының рецептурасын зерттеуге және әзірлеуге арналған. Бұл тәсіл жоғары тұтынушылық қасиеті жоғары, тағамдық құндылығы, ерекше дәм мен денсаулыққа оң әсер ету әлеуетін біріктіріп, өнімді функционалды тамақтану саласында бірегей және перспективалы етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...