ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/RITR8974Тірек сөздер:
ғимарат, жер сілкінісі, қирау, зақымдану, жер сілкінісі қауіпсіздігі, жер сілкінісіне төзімділік, сандық карта, жасанды интеллектАңдатпа
1887-2003 жылдары ҚР Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының аумағында болған кейбір ірі жер сілкіністері туралы деректерге қысқаша талдау жасалды. Осы қауіпті табиғи құбылыстардың көрінісі нәтижесінде пайда болған жағымсыз салдарлар сипатталған. Материалдық залал және адам шығынының саны көрсетілген. Әр жылдардағы отандық құрылыс нормативтік құжаттарының талаптары негізінде Тараз қаласының тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне сейсмикалық төзімділікке баға берілді. Тараз қаласының азаматтарының, ғимараттары мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды және жоспарлы жұмыстардың болмауы көрсетілген. Жер сілкінісі кезінде қала халқының және оның маңызды объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны әзірлеу және іске асыру ұсынылды. Осы бағдарлама жұмысының ажырамас бөлігі ретінде Тараз қаласының тіршілік ету нысандарының ЖИ (жасанды интеллект) қолдану арқылы жер сілкінісі кезінде олардың ықтимал қирау дәрежесі бойынша цифрлық картасын жасауды қарастыру ұсынылды. Ұсынылған цифрлық картаны әзірлеу шеңберінде шешілетін негізгі міндеттер қарастырылады. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ) аясында цифрлық картаны әзірлеуге арналған ғылыми-техникалық тапсырма ҚР ҒЖБМ ұсынылған.