ГЛЮТЕНСІЗ, ГЛИКЕМИЯЛЫҚ ИНДЕКСІ ТӨМЕН НАН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

ГЛЮТЕНСІЗ, ГЛИКЕМИЯЛЫҚ ИНДЕКСІ ТӨМЕН НАН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • У. Минатбек Алматы Технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.Н. Есенгазиева Алматы Технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Д.А. Тлевлесова Алматы Технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Н.К. Ахметова Алматы Технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/TUUH3950

Тірек сөздер:

глютенсіз ұн, целиакия, гликемиялық индекс, диета, глютен, ақуыз, заманауи байытқыштар

Аңдатпа

Глютенсіз диета мен целиак ауруы бидай, қара бидай және арпа құрамында кездесетін ақуыз – глютенге төзбеушілікпен байланысты. Целиак ауруы – иммундық жүйенің глютенге патологиялық жауап беруімен сипатталатын және аш ішектің шырышты қабатын зақымдайтын ауру. Осы себепті қоректік заттардың сіңуі нашарлайды және іштің ауыруы, әлсіздік, дене салмағының төмендеуі сияқты клиникалық белгілер пайда болады. Целиак ауруын емдеудің негізгі және жалғыз тиімді әдісі – құрамында глютені бар тағамдарды толығымен алып тастауға негізделген қатаң глютенсіз диетаны ұстану қарастырылды. Мұндай диета ішектің құрылымы мен қызметін қалпына келтіруге, сондай-ақ науқастың жалпы жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта глютенсіз диета целиак ауруы бар адамдар арасында ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанатын тұтынушылар арасында да танымал болып келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...