ҚЫШҚЫЛ СҮТТІ БАЛМҰЗДАҚТЫҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ГҮЛ ТОЗАҢЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

ҚЫШҚЫЛ СҮТТІ БАЛМҰЗДАҚТЫҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ГҮЛ ТОЗАҢЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • А.Ж. Оразов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ., Қазақстан
  • Л.А. Надточий ИТМО университеті, Санкт-Петербург қ., Ресей

DOI:

https://doi.org/10.55956/ZDPQ1834

Тірек сөздер:

балмұздақ, пробиотикалық бактериялар, гүл тозаңы, функционалды тағамдар, қышқыл сүтті балмұздақ

Аңдатпа

Пробиотиктер тірі микроорганизмдер болып табылады, оларды жеткілікті мөлшерде тұтынған кезде тұтынушылардың денсаулығына бірқатар пайда әкеледі. Оларға ішек микрофлорасын жақсарту, иммундық жүйені белсендіру, қан құрамындағы холестеринді төмендету және ауру қоздырғыштардың өсуін тежеу жатады. Зерттеу жұмыстарының барысында Bifidobacterium bifidum және Lactobacillus acidophilus бактерияларының дақылдарын балмұздақ құрамына енгізу арқылы функционалды өнімдер ассортиментін ұлғайту көзделді. Қышқыл сүтті балмұздақты байыту мақсатында гүл тозаңының 3%, 5% және 7% концентрациясы енгізілді және балмұздақ қоспасының рецептуралары дайындалды. Байытылған қышқыл сүтті балмұздақ қоспасына жүргізілген зерттеулер нәтижесінде гүл тозаңының 5% және 7% концентрациясын енгізу органолептикалық және физикалық көрсеткіштеріне теріс әсерін тизгізетіндігі анықталды. Балмұздақ өнімдерінің тартымдылығын жоғары деңгейде сақтау үшін тағам өнеркәсібі үнемі қиындықтарға тап болады, өйткені функционалды балмұздақ пайдалы ғана емес, сонымен қатар дәмді болуы керек. Осы орайда, гүл тозаңының 3% концентрациясымен байытылған қышқыл сүтті балмұздақ барлық зерттеулер бойынша ең жақсы көрсеткіштерді көрсетті және өндісірке енгізу ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...