ФУНКЦИОНАЛДЫ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДЕГІ ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/QUDQ3797Тірек сөздер:
функционалды өнімдер, өсімдік шикізаты, тұт жемістері, тағамдық құндылығы, жеміс десертіАңдатпа
Функционалды тағам өнімдері – күнделікті тұтыну барысында адам денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектесетін пайдалы азық-түліктер. Функционалды өнімдер ассортиментін кеңейту халықтың жалпы сауықтануына, соның нәтижесінде өмір сүру ұзақтығы мен белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Функционалды өнімдердің құрамында дәстүрлі емес өсімдік шикізаты жиі қолданылып келеді. Осындай шикізаттың бірі – тұт жемістеріне негізделген өнімдер. Тұт жемістерінің құрамында олардың тағамдық қана емес, фармакологиялық құндылығын да анықтайтын маңызды биологиялық белсенді заттар бар. Витаминдердің, минералды элементтердің және табиғи бояғыштардың жоғары болуы тұт жемістерін әртүрлі десерттер мен емдік тағамдар дайындауда қолдануға мүмкіндік береді. Тұт жемістеріне негізделген жаңа жеміс десерттері дәстүрлі емес өсімдік шикізатынан алынатын функционалды өнімдер ассортиментін кеңейтуге септігін тигізеді.

