СУЛЫ ОРТАЛАРДАН ОРГАНИКАЛЫҚ БОЯҒЫШТАРДЫ ТАЗАЛАУҒА АРНАЛҒАН СОРБЕНТТЕР СИНТЕЗДЕУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/KEJP6440Тірек сөздер:
көміртекті сорбент, органикалық бояғыш, адсорбция, өсімдік материалдары, мочевинаАңдатпа
Бұл жұмыста 1:1 және 1:2 массалық қатынасында мочевинамен модификацияланған күріш қауызы негізіндегі азоты бар көміртекті сорбенттер синтезінің нәтижелері берілген. Қатты қалдықтың орташа шығымы бастапқы шикізат массасының 37,3% құрады. Сорбциялық қабілеті 500°C карбонизация температурасында 140 мг/г құраады. СЭМ нәтижелері материалдың құрылымы ластаушы заттардың тиімді сіңірілуіне ықпал ететін кеуек өлшемдері 5-15 мкм болатын кеуектілікпен сипатталатынын көрсетті. Осылайша, синтезделген материалдар сулы ортаны органикалық ластаушы заттардан тазарту үшін тиімді сорбенттер ретінде потенциалды көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
2026-03-30
Журналдың саны
Бөлім
Химиялық технологиялар
