СТЮАРДЕССАЛАРҒА АРНАЛҒАН ФОРМАЛЫҚ КИІМДЕРДІ ӨНДІРУДЕГІ ЭРГОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/MFON6679Тірек сөздер:
стюардесса формасы, маркетингтік талдау, эргономика, сән трендтері, қауіпсіздік стандарттары, тұтынушы сұранысы, классикалық стиль, функционалдылық, материал сапасыАңдатпа
Заманауи авиация индустриясында стюардессалар қызметі маңызды және ерекшеленетін бөлігі болып табылады. Олардың формалық киімдері компанияның имиджі мен брендін танытуда үлкен рөл атқарып қана қоймай сонымен қатар функционалдық және ыңғайлы болуы маңызды. Формалық киімдер стюардессалардың кәсіби бейнесін қалыптастырады, жолаушыларға сенімділік және қызмет көрсету сапасы туралы әсер қалдырады. Қазіргі таңда Қазақстан әуе-компанияларының стюардессаларға ұсынып отырған форма жиынтықтарының 90%-ы классикалық стильде және силуэттері қынамалы болып келеді. Заманауи әуе компаниялары тек классикалық стильді ғана емес, сонымен қатар кэжуал стильді де форма стиліне енгізуде. Бұл мақалада стюардессаларға арналған формалық киім үлгілерінің қазіргі жағдайы, олардың эргономикалық және функционалдық талаптарға сәйкестігі жан жақты талданады. Зерттеу барысында нарықтағы трендтер, тұтынушылардың сұранысы және эргономикалық талаптар талданды. Сонымен қатар, маркетингтік талдау әдістері, соның ішінде Гилберт А. Черчилль әдісі қолданылды. Сауалнама нәтижелері стюардессалар үшін заманауи және функционалды киім үлгілерін әзірлеудің қажеттілігін көрсетті. Костюмдік маталардың серпімділік көреткіші қозғалысты шектеу мәселесін тудыратыны анықталып, шешімі реттінде трикотаж мата негізінде жаңа униформа дизайны ұсынылды. Зерттеу барысында трикотаж матасына зертханалық сараптама жүргізіліп, физика-механикалық көрсеткіштері зерттеліп, нәтижелері арнайы хаттама ретінде рәсімделді. Ұсынылған модель заманауи стильді, ыңғайлы және эргономикалық талаптарына сай келеді.