ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СИЫР ЕТІНІҢ, ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ЕТ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ САПАСЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/ZEKY9877Тірек сөздер:
сиыр еті, тұқым, стандарт, экспорт, бағалау, сапаАңдатпа
Мақалада негізінен Қазақстанда өсірілетін қазақ ақбас және қалмақ тұқымдарының ірі қара малынан алынған сиыр ұшаларының сапасы, сондай-ақ ет кесектерінің химиялық құрамын зерттеу нәтижелері, БҰҰ ЕЭК халықаралық стандартына сәйкес бөлінген сүйектер мен сүйексіз сиыр етінің шығымы мен индексі қарастырылған. Кесектердің химиялық құрамы анықталды: ылғалдылығы, май, ақуыз. Ылғалды анықтау «ГОСТ 9793-2016 Ет және ет өнімдері. Ылғалды анықтау әдістері» бойынша анықталды. Майды анықтау «ГОСТ 23042-2015 Ет және ет өнімдері. Майды анықтау әдістері» сәйкес анықталды. Ақуыздың массалық үлесі Кьельдаль әдісімен анықталды. Алынған нәтижелерді талдау қазақтың ақбас және қалмақ тұқымдарының бұқалары жоғары сойыс қасиеттеріне ие және шамалы ғана ерекшеленетіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Ақуыздың жалпы мөлшері мен кесілген еттің химиялық құрамы бойынша тұқымдар арасында айтарлықтай айырмашылықтар да жоқ.