УЫТТЫЛЫҒЫ ТӨМЕН ФАНЕРА ӨНДІРІСІНДЕ ШПОНДЫ ЖЕЛІМДЕУ ПРОЦЕСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/IEHW3917Тірек сөздер:
фанера, желім, аэросил, цеолит, фурфурол, бура, формальдегид, уыттылық, карбамидмеламиноформальдегид, фенолАңдатпа
Бұл жұмыста фанера өндіру барысында шпон қабаттарын жапсыру процесі жан-жақты зерттелді. Зерттеудің басты мақсаты – уыттылығы төмен, бірақ жоғары физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттерге ие фанера алу үшін тиімді желім құрамын анықтау және оны өндіріске енгізу. Зерттеу объектісі ретінде карбамидмеламиноформальдегидті шайыр (КМФ-Ш) негізіндегі желім қолданылды. Бұл желімнің артықшылығы – оның құрамындағы меламин мөлшерінің жоғары болуына байланысты суға төзімділігі жоғары, сонымен қатар формальдегид эмиссиясының төмен деңгейде болуы (0.5-1.0 мг/л), бұл оны Е1 уыттылық класына сәйкес етеді. Фанера аққайың шпонын қолдану арқылы 7 қабатты құрылымдар жасалды. Желімдеу процесі 120-130℃ температурада, 1.2 МПа қысымда, 6 минуттық престеу уақытымен жүзеге асырылды. Алынған өнімнің физика-механикалық көрсеткіштері: желімдесу беріктігі – 1.2-1.4 МПа (МЕМЛ 3916.1 стандарты бойынша ≥1.0 МПа талап етіледі); суға төзімділік – 24 сағат суда ұсталғаннан кейін қабаттану байқалмады; тығыздық – 0.68-0.74 г/см3; формальдегид эмиссиясы – 0.6 мг/л (перфораторлық әдіс бойынша); иілгіштік пен қаттылық – стандарт талаптарына сай, деформацияға төзімді. Жұмыс нәтижелері көрсеткендей, КМФ-Ш негізіндегі желім уыттылығы төмен, бірақ жоғары сапалы фанера өндіру үшін тиімді шешім болып табылады. Бұл желім құрамын пайдалану жиһаз өнеркәсібі, интерьер құрылысы, балалар және медициналық мекемелерге арналған ағаш бұйымдары өндірісінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.