РЕЗОНАНСТЫ ИНВЕРТОРДЫ ЕНДІК-ИМПУЛСТІ РЕТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/ZSOA8105Тірек сөздер:
кеңейтілген импульсті реттеу, резонанстық инвертор, қуат, тиристор, қорек көзіАңдатпа
Мақалада резонанстық кернеу түрлендіргіші және оның шығыс кернеуін импульстің ені бойынша реттеу әдістері ұсынылған. Тиристорлық инвенторлардың шығыс қуатын реттеудің тиімсіздігінің негізгі себептері қарастырылды. Сондай-ақ, асимметриялық ұяшықтар негізінде жасалған жабық кірісті резонанстық инверторларды реттеудің артықшылықтары сипатталған. Осы зерттеу барысында қарама-қарсы параллель диодты тиристордағы қарапайым асимметриялық инвертордың схемасы қарастырылды. Резонанстық инверторлардың тұрақты ток тізбегіндегі қуатын импульстің реттеудің екі әдісінің зерттеу нәтижелері, сондай-ақ олардың негізгі сипаттамалары келтірілген. Реттеу сипаттамалары жалпы жүктемеде жұмыс істейтін екі көрсетілген ұяшықтан тұратын резонанстық инвертордың математикалық моделінде зерттелді. Есептеу дифференциалдық теңдеулер жүйесін интеграциялау арқылы жүргізілді және есептеу нәтижесінде екі реттеу әдісімен инвертордың негізгі сипаттамалары алынды. Зерттеу нәтижесінде қарастырылған реттеу әдістерін қолданудың мүмкін нұсқалары келтірілген.

