СУДЫ ТАЗАРТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ОБЪЕКТІДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ БАҒАЛАУ

СУДЫ ТАЗАРТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ОБЪЕКТІДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • А.А. Рахимберлина Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды қ. Қазақстан
  • С.С. Кудрявцев Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды қ. Қазақстан
  • П.В. Емелин ЖШС «ДӨБҰАК БАО», Қарағанды қ. Қазақстан
  • М.Т. Курбанов Бұхара инженерлік-технологиялық институты, Бұхара қ. Өзбекстан Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.55956/FPFM8417

Тірек сөздер:

химиялық қауіпті объект , авариялық химиялық қауіпті зат, экологиялық қауіпсіздік, хлор, экологиялық қауіп, тәуекелді бағалау, сараптамалық бағалау әдісі

Аңдатпа

Суды дайындаудың технологиялық процесі суды хлорлауды жүзеге асыратын өндірістік объектілердің химиялық қауіпті мәртебесін анықтайтын күшті уландырғыш және экотоксикант болып табылатын хлорды пайдаланумен байланысты. Зерттеудің мақсаты суды хлорлауды өндіретін химиялық қауіпті объектідегі техногендік төтенше жағдайға байланысты экологиялық тәуекелді бағалаудың өзіндік әдістемесін сынақтан өткізу болып табылады. Зерттеу барысында сараптамалық бағалау әдісіне негізделген экологиялық тәуекелді бағалау әдістемесі қолданылды. Экологиялық тәуекел деңгейі химиялық қауіпті объектінің экологиялық қауіптілігі мен қоршаған ортаның осалдығы көрсеткіштерінің арақатынасы бойынша бағаланды. Бұл әдістемені қолдану химиялық қауіпті объектілердің маңындағы аумақты экологиялық қауіп деңгейіне қарай ғылыми негізделген аймақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Хлор ыдысынан 200 м қашықтықта орналасқан жердегі қоршаған орта объектісі үшін тәуекел деңгейі төмен деп бағаланды, бұл, ең алдымен, зерттелетін объектідегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімді жұмысымен және қоршаған ортаның осалдығының төмен деңгейімен байланысты.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Экологиялық технологиялар
Loading...