1H МҰЗ МОДИФИКАЦИЯСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ҚЫСЫМ МЕН ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРАЛАРДАҒЫ СЕРПІМДІЛІК ЖӘНЕ ЖЫЛУЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/JOBA8228Тірек сөздер:
серпімді толқындар, көлемдік жылулық ұлғаю коэфиценті, келтірілген және Дебайдың сипаттамалық температурасы, жоғары қысым мен төменгі температура, жылу сыйымдылықтарАңдатпа
Мақалада алғаш рет тұрақты 130 K, 170 K температураларда 15-680 МПа қысым аралығында 1h мұз модификациясының салыстырмалы көлемінің және онда тарайтын қума, көлденең толқындардың қысымға тәуелділігі тәжірибе жүзінде өлшенді. Тәжірибеден алынған физикалық параметрлерді пайдаланып, физикадан белгілі заңдылықтар мен формулаларды қолданып изотермиялық үдерістер үшін зерттеліп отырған үлгінің көлемдік ұлғаю коэфицентінің, Дебайдың сипаттамалық және келтірілген температурасы мен меншікті жылу сыйымдылықтың қысымға тәуелділіктері есептеліп анықталды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында теориялық және практикалық маңыздылығы ерекше мұздың P-T координатасындағы фазалық диаграммасы қолданылды. Қатты денелердің механикалық және энергетикалық сипаттамасын беретін жылулық көлемдік ұлғаю коэфицентінің әртүрлі температурасындағы қысымға тәуелділігін анықтау тәжірибемен өлшенген V(P)t қисығының бірінші текті фазалық өтуге дейінгі бөлігін дифференциалдау арқылы іске асырылды. Зерттеу кезінде барлық температуралар мен қысымдарда камера мен жоғары және төменгі поршеньдердің қысымға тәуелді деформациялары ескерілді. Камера бөлшектерінің жылулық көлемдік ұлғаюлары шамалы болғандықтан ескерілмеді.