ТОҚЫМА РЕСУРСТАРЫН ЦИКЛІ ПАЙДАЛАНУДЫ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ИҚ-СПЕКТРОСКОПИЯ ӘДІСІМЕН РЕГЕНЕРАЦИЯЛАНҒАН МАҚТАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ

ТОҚЫМА РЕСУРСТАРЫН ЦИКЛІ ПАЙДАЛАНУДЫ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ИҚ-СПЕКТРОСКОПИЯ ӘДІСІМЕН РЕГЕНЕРАЦИЯЛАНҒАН МАҚТАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Ж.А. Майкыбекова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Р.Ш. Мирзамуратова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Д.Б. Худайбердиева Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты, Ташкент, Өзбекстан
  • Б.И. Умралиева Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, «Сымбат» дизайн және технология институты, Алматы, Казақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/LBZD5224

Тірек сөздер:

енерацияланған мақта талшығы, ИҚ-Фурье-спектроскопиясы, целлюлоза, тоқыма қалдықтары, латеральді реттілік индексі, аморфтылық, механикалық регенерация, трикотаж өндірісі, жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ).

Аңдатпа

Жұмыс тоқыма қалдықтарын өндіріске тарту арқылы бастапқы шикізат тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Зерттеудің мақсаты – механикалық регенерацияның кезеңдерінде мақта құрылымының трансформациялану заңдылықтарын анықтау. Зерттеудің өзектілігі Қазақстандағы импортты алмастыру мақсатында коммерцияландыру бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан тоқыма бұйымдарын терең өңдеу бойынша алғашқы жобаларды (Астана қ., «Glovex» ЖШС мысалында) ғылыми сүйемелдеу қажеттілігімен негізделген. Алғаш рет табиғи талшықта кездеспейтін қайталама мақта деструкциясының спектрлік маркерлері (1712-1716 cm-1 пикі) сандық түрде тіркелді. Сызықтық – бағытталған таспаны қалыптастыру сынаманың максималды гомогенділігін және амидтік жолақтар (1558 cm-1) қарқындылығың төмендеуін қамтамасыз етіп, тазарту тиімділігін растайтыны анықталды. Латеральді реттілік индексінің (LOI≈1,39) төмендеуі целлюлозаның аморфтылығын көрсетеді. Регенераттың спектрлік сипаттамалары мен оның технологиялық әлеуеті арасындағы байланыс ғылыми түрде негізделді. Молекулалық деңгейдегі талшықтың «шаршауы» болашақ трикотаж бен жеке жеке қорғаныс құралдарының жоғары гигроскопикалығын алдын ала анықтайтыны дәлелденді. Нәтижелер аралас иірілген жіпті иіру режимдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді және Қазахстанның жеңіл өнеркәсібін тұрақты дамыту мен экологияландыру үшін негіз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
Loading...