3D-БАСПАҒА АРНАЛҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДАҒЫ ҰСАҚ ТҮЙІРШІКТІ ФИБРОБЕТОНДАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

3D-БАСПАҒА АРНАЛҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДАҒЫ ҰСАҚ ТҮЙІРШІКТІ ФИБРОБЕТОНДАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Авторлар

  • Л.Б. Аруова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • А.К. Тлеубаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • Л.А. Жаксылыкова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • Д.Ж. Артыкбаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/NAVZ7958

Тірек сөздер:

3D-баспа, фибробетон, портландцемент, күлдің ұнтағы, полипропилен талшықтары, беріктігі, төзімділігі

Аңдатпа

Бұл жұмыста құрылыстық 3D-баспаға арналған тиімді ұсақ түйіршікті фибробетондарды әзірлеу бойынша зерттеу ұсынылған. Тұтқыр ретінде жартылай күлмен алмастырылған PC 400-D0 және PC 500-D0 маркалы портландцементтер пайдаланылды. Жарықшаға төзімділігін және иілгіштікті арттыру үшін құрамына полипропилен, полиэтилен және нейлон сияқты түрлі полимерлік талшықтар енгізілді. Зерттеудің мақсаты жоғары беріктілік сипаттамаларын сақтай отырып, қажетті ағымдылықты және пішін төзімділіктігін қамтамасыз ету үшін бетон қоспасының құрамын оңтайландыру болып табылады. Жүргізілген сынақтар реологиялық қасиеттерін, сығылу мен созылу беріктілігін, тығыздығы мен иілгіштіктік беріктілігін анықтауды қамтыды. Полипропилен талшықтарымен үйлесімде PC 500-D0 маркалы цементті қолдану сығылуға беріктілігі 50 МПа дейін арттыруды және созылуға беріктілігі бақылау құрамдарымен салыстырғанда 20%-ға дейін арттыруды қамтамасыз ететіні анықталды. Күлдің ұнтағын қосу цемент шығынын төмендетуге және қоспаның ыңғайлы орналасуын арттыруға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер құрылыс материалдарының беріктігін арттыруды және өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ете отырып, құрылыстың аддитивті технологиялары үшін әзірленген қоспалардың перспективалылығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Құрылыс технологиялары
Loading...