3D БАСЫП ШЫҒАРУ ҮШІН РЕЗИНОБЕТОН ҚОСПАЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫН ІРІКТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/QRIS3331Тірек сөздер:
резеңкебетон, беріктік, әсер ету механизмі, бетон, механикалық қасиетАңдатпа
Мақалада пайдаланылған шиналардан алынған резеңке үгіндісін ұсақ толтырғыштың орнына қолдану арқылы өндірілген резеңкебетонның механикалық қасиеттерін анықтау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген. Әртүрлі мөлшердегі резеңке үгіндісі бар резеңкебетонның созылу беріктігі, иілу беріктігі, сонымен қатар үгінді өлшемі мен алдын ала өңдеу тәсілдерінің әсері жан-жақты қарастырылды. Резеңке үгіндісінің бетон беріктігіне әсер ету механизмдері талданды. Алынған нәтижелер айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетті; атап айтқанда, резеңке мөлшері 0,0%-дан 20,0%-ға дейін артқанда, резеңке үгіндісі бар бетонның қысу беріктігі тиісінше 26,45 МПа-дан 14,8 МПа төмендеді. Сондай-ақ, зерттеу барысында резеңке үгіндісінің енгізілуіне байланысты бетон қуыстарының құрылымындағы өзгерістер оның механикалық қасиеттеріне елеулі әсер ететіні анықталды. Бұл жұмыс резеңкебетонды аналитикалық тұрғыдан бағалаудағы айтарлықтай олқылықтың орнын толтырып, оны орнықты құрылыс тәжірибесінде қолдануды ілгерілетуге жол ашады.
