ІРІ ТҮЙІРШІКТІ ТОПЫРАҚТЫҢ ҰСАҚ ТҮЙІРШІКТІ КОМПОНЕНТІ АРҚЫЛЫ СУДЫҢ СҮЗІЛУДІҢ КЕЙБІР ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/BVXN7131Тірек сөздер:
ұсақ түйіршікті топырақ, топырақ қоспасы, сүзілу, сүзілу тұрақтылығы, салмақтық үлесі, бөлшектердің өлшемі, сүзілу жылдамдығыАңдатпа
Мақалада топырақтан жасалған гидротехникалық құрылыстарды салуда қолданылатын топырақ қоспаларының ұсақ түйіршікті компоненттерінің сүзіду қасиеттерін зерттелудің зертханалық нәтижелері келтірілген. Зертханалық сынақтар 5 мм дейінгі бөлшек өлшемдері бар және әртүрлі салмақтық құрамдас бөліктерден тұратын топтаманың үлгілері бойынша жүргізілді. Ұсақ түйіршікті топырақтардың әртүрлі фракцияларының бөлшек өлшемдері мен салмақтық мөлшерінің үлгілері арқылы судың сүзілу жылдамдығы мен көлеміне тигізетін әсер зерттелді. Судың деңгейі төмендеу жылдамдығы уақыт өткен сайын бірқалыпты өзгереді және ол ұсақ түйіршікті топырақ бөлшектерінің қасиеттеріне байланысты болады. Ірі фракцилар үшін фильтрация жылдамдығына негізінен олардың салмақтық мөлшері әсер етеді, ал ұсақ фракциялар үшін бөлшек өлшемдір үлкен рөл атқарады. Алынған тәжірибелік тәуелділіктерді топырақ қоспаларының фильтрациялық тұрақтылығын бағалау және топырақ бөгеттерінің құрылыстарын жобалау кезінде олардың құрамын оңтайландыру үшін қолдануға болады.
					
