ТАУ-КЕН ӨНДІРУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/HDCU3082Тірек сөздер:
деректер базасы, тау-кен өндіру саласы, тәуекелді бағалау, критериалды параметрлер кластері, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, техногендік төтенше жағдайАңдатпа
Деректер базасы болған авариялар туралы ақпаратты жүйелеуге және сақтауға мүмкіндік береді, бұл осы жағымсыз оқиғалардың қайталану тәуекелін бағалау үшін оларды пайдаланудың елеулі перспективаларын ашады. Бұл жұмыста осы саладағы жетекші елдердің тау-кен өндіру кәсіпорындарында болған авариялар туралы деректер базасына салыстырмалы талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау зерттелген дерекқордағы ақпараттың біртекті еместігін көрсетті. Бұдан басқа, көптеген жағдайларда мұндай дерекқорлардағы ақпараттың көлемі болған авариялардың себептеріне жан-жақты талдау жүргізуге, тәуекелдің негізгі факторларын анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл қазiргi дерекқорларды бiрiздендiру, оларды тау-кен өндiрiсi жағдайында төтенше жағдайлардың даму қаупi факторлары туралы ақпаратты қамтитын параметрлермен толықтыру қажеттiгiн куәландырады. Мақаланың мақсаты тау-кен өндіру саласындағы кәсіпорындардағы техногендік төтенше жағдайлар туралы қолда бар дерекқорларды салыстырмалы талдау болып табылады.

