АПАТТАР, ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ ЖӘНЕ КӘСІПТІК АУРУЛАР ҚАУПІН БАҒАЛАУ БОЙЫНША АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ӘЗІРЛЕУДЕГІ ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР
DOI:
https://doi.org/10.55956/LSBT1979Тірек сөздер:
автоматтандырылған ақпараттық жүйе, тәуекелді бағалау, мәліметтер базасы, критериалды параметрлер кластері, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, техногендік төтенше жағдайАңдатпа
Қазіргі уақытта бағдарламалық өнімдер нарығы өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында зерттеулер жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің алуан түрлілігімен ұсынылған. Ақпараттық-аналитикалық жүйелерді қолдану пайдаланушыларға кәсіпорындардағы апаттар қаупін азайтуға бағытталған басқару шешімдерін уақытылы қабылдауға және кәсіпорындардың еңбекті қорғау қызметтерінің қызметкерлерімен кері байланысты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Алайда, олардың көпшілігінің әлсіз жағы – олар, әдетте, зерттелетін объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін басқару жүйесінің барлық компоненттерін толық есепке алмайды. Сонымен қатар, өнеркәсіптің даму деңгейін, технологиялық процестердің ерекшеліктерін және өндірістерде қолданылатын қауіпті заттар мен материалдарды өнеркәсіптік объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жай-күйін толық көлемде және жалпы талдауда әрдайым бағалау мүмкін емес. Бұл қолданыстағы жүйелерді үнемі жетілдірудің және жаңа ақпараттық-аналитикалық жүйелерді дамытудың шұғыл қажеттілігінің себептері болып табылады.
Мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасында да, жалпы әлемде де өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы нарықта бар автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді бағалау болып табылады.