СЕРПІМДІ ТОЛҚЫННЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ НЬЮТОНДЫҚ ЕМЕС СҰЙЫҚТЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

СЕРПІМДІ ТОЛҚЫННЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ НЬЮТОНДЫҚ ЕМЕС СҰЙЫҚТЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Б. Сағындықов Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/COXA7643

Тірек сөздер:

Ньютондық емес сұйықтық, пьезоэлектрлік эффект, ультрадыбыс, қума толқын, биологиялық сұйықтар, импульсті қондырғы

Аңдатпа

Ғылыми еңбекте биологиялық сұйықтарға жақын сұйықтардағы ультрадыбыс толқынының жылдамдығының температураға тәуелділігін зерттеу мақсатында резонанстық жиілігі 5 МГц пьезоэлементтен, генератордан, күшейткіштен, осцилографтан, қыздырғыштан, айнымалы ток көзінен, мыс-константан терможұбынан, температура реттегіштен тұратын импульсті ультрадыбысты автоматтандырылған қондырғы жинастырылды. Қоюлықтары әртүрлі ертінділердегі атмосфералық қысымдағы қума толқын жылдамдықтары мен тығыздықтарының температура тәуелділіктері өлшеніп, алғаш рет графиктері тұрғызылды. Тәжірибе жүзінде өлшеніп алынған физикалық параметрлердің көмегімен зерттеліп отырған сұйық үлгінің атмосфералық қысымдағы серпімділік қасиеттерінің температураға тәуелділігі физикадан белгілі заңдылықтар мен формулалардың көмегімен есептеп анықталды. Серпімді қума толқынды шығаратын көз және оны үлгінің жоғары бетінде орналасқан айнадан шағылып келгенде қабылдайтын қабылдағыш ретінде бір пьезоэлемент қолданылды. Ультрадыбыс толқынының үлгіні шағылғанға дейінгі және шағылғаннан кейінгі жүріп өткен жолына кеткен уақыты осцилографтың экранында пайда болған жіберілген және шағылған импульстерді беттестіру арқылы анықталды. Жинақталған қондырғының өлшеу дәлдігін бағалау мақсатында ультрадыбыс толқынының жылдамдығы жақсы зерттелген дистилденген су пайдаланылды. Жинастырған қондырғыда алынған нәтижелер анықтамалардағымен сәйкес келді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Механика
Loading...