ӨРТ СӨНДІРУШІНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК КИІМІНЕ АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЖАҢА ПАКЕТТЕРІН ӘЗІРЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/PVGD3113Тірек сөздер:
өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімі, қауіпті зиянды өндірістік факторлар, материалдар пакеті, физикалық-механикалық қасиеттері, сынақтар, жабдықтар, жылу өткізгіштік, суға төзімділікАңдатпа
Өрт сөндірушілер адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өртті сөндіру бойынша маңызды міндеттерді орындайды. Олар төтенше жағдайларға жедел әрекет етіп, өртті жояды, зардап шеккендерді эвакуациялайды және алғашқы көмек көрсетеді. Өрт сөндірушілердің жұмысы тұрақты тәуекелге байланысты болғандықтан, олардың киімдерінің қорғаныс деңгейі жоғары болуы өте маңызды. Мақалада инновациялық отқа төзімді тоқыма материалдарын қолдану қажеттілігі қарастырылады. Жұмысты орындау барысында өрт сөндірушілерге әсер ететін негізгі зиянды өндірістік факторлар қарастырылады. Өрт сөндірушілердің жұмысындағы негізгі әсер ететін факторлар: ашық жалындар мен жоғары температураның әсері, су ағындарының әсері, улы шығарындылар. Жұмыста қолданыстағы материалдар мен пакеттерге талдау жүргізіліп, олардың кемшіліктері анықталды. Өрт сөндірушілердің физикалық-механикалық қасиеттерін арттыру мақсатында жауынгерлік киімдеріне арналған материалдардың көп қабатты пакеттері зерттелді және әзірленді. Зерттеу барысында заманауи ыстыққа төзімді материалдарды қамтитын көп қабатты пакеттердің алты нұсқасы әзірленіп, сыналды. Өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін өндіруде одан әрі пайдалану үшін ұсынылатын оңтайлы физика-механикалық сипаттамалары бар материалдар пакетінің үлгісі таңдалды.