ТАБАНДАРЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АУЫТҚУЛАРЫ БАР АДАМДАРДЫҢ АЯҚ КИІМ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ АНТИМИКРОБТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/OTRW6921Тірек сөздер:
аяқ киім, табан, патология, лавр майы, антимикробтық қорғауАңдатпа
Берілген мақалада микрокапсулдау технологиясы көмегімен алынған микрокапсулдар антимикробтық әсерін анықтау мақсатында екі әдіспен аяқ киім материалдарына жағылды. Микрокапсулдар лавр майы мен хитозан ерінтілерінен алынды. Лавр эфир майы өсімдік тектес табиғи материал болып табылады және құрамында бактерияға қарсы компоненттердің көп мөлшері бар. Хитозан да бактерияға қарсы зат ретінде, атап айтқанда антисептикалық материалдар ретінде қолданылды. Былғары мен аяқ киім астары материалдарына спрей және терең батыру әдістерімен жағылған микрокапсулдар Escherichia coli ATCC 25922, Staphylococcus aureus ATCC 29213, Pseudomonas aeruginosa ATCC 27853 және Candida albicans ATCC 90028 бактерияларына қарсы зерттелді. Нәтижесінде антимикробтық ортаны қажет ететін табандардың патологиялық ауытқулары бар адамдардың аяқ киім материалдарында бактерия штаммдарына қарсы белсенділік анықталды.