ГОФРЛЕНГЕН ҚАБЫРҒАЛЫ КРАНАСТЫ АРҚАЛЫҚТАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ КЕРНЕУ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/VZLM7026Тірек сөздер:
кранасты арқалық, жазық қабырға, гофрленген қабырға, статикалық жүктеме, көпір кран, көлденең күш, қалыпты кернеулерАңдатпа
Бұл мақала кранасты арқалықтарындағы жазық қабырғаны гофрленген қабырғамен алмастыру мүмкіндігін зерттеуге арналған. Зерттеу барысында қабырға пішінінің екі түріндегі кернеу жағдайына талдау жүргізіліп, гофрленген қабырғалардың ерекшеліктері мен артықшылықтары анықталды. Мақалада гофрленген құрылымның жазық қабырғаны тиімді алмастыра алатыны, оның беріктік, қатаңдық, көтергіштік және тұрақтылық қасиеттерін арттырып, жүктеме әсерінен дәнекер тігістерінің ажырауын болдырмайтыны егжей-тегжейлі көрсетілген. Бұл әдісті таңдаудың себептері мен оны өнеркәсіптік жағдайда қолдану мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу аясында компьютерлік эксперимент жүргізіліп, онда Tonus постпроцессоры бар SCAD бағдарламалық кешені және Лира-САПР 2022 бағдарламасы қолданылды. Эксперимент кезеңдері нақты экспериментке негізделген арқалық моделінің соңғы элементтік үлгісін құруды, Tonus постпроцессорында әртүрлі қабырға пішіндерінің геометриялық сипаттамаларын есептеуді, жазық және гофрленген қабырғалары бар үшөлшемді кранасты арқалықтарын модельдеуді, Лира-САПР 2022 бағдарламасында қабырғалардағы ең жоғарғы қалыпты және жанама кернеулерді анықтауды, жазық және гофрленген қабырғалы арқалықтардың нәтижелерін салыстыруды және алынған деректер негізінде қорытындыларды интерпретациялауды қамтыды. Авторлар бұл тәсілдің өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолдану әлеуетін атап өтіп, кранасты арқалықтарының қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын көрсетеді. Алынған нәтижелер болашақ зерттеулер мен өнеркәсіптік нысандарды жобалау және пайдалану барысында инновациялық шешімдерді енгізуге негіз бола алады.