ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН СЫРТҚЫ КИІМГЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАҢДАУЫ ТОҚЫМА МАТАЛАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТКРІН ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН СЫРТҚЫ КИІМГЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАҢДАУЫ ТОҚЫМА МАТАЛАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТКРІН ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/GPWS9483

Тірек сөздер:

тау түзміне арналған киім, мембраналық маталар, ePTFE мембранасы

Аңдатпа

Мақалада полимерлі жабын түрінің таулы спорт және туризмге арналған киімдерде қолданылатын тоқыма материалдарының эксплуатациялық қасиеттеріне әсері зерттелген. Әртүрлі пленкалы жабындары бар синтетикалық маталар қарастырылды: гидрофильді кеуексіз және гидрофобты микропорлы мембраналар. Маталардың су өткізбейтіндігі жаңбырлау әдісімен және ауа өткізгіштігі бағаланды. ПВХ және полиуретан негізіндегі пленкалы жабындар жоғары суға төзімділікті қамтамасыз етеді, бірақ ауа өткізгіштікті төмендетіп, белсенді қолдану кезінде жайлылықты шектейді. ePTFE және TPU микропорлы мембраналары бар материалдар суға төзімділік пен ауа өткізгіштіктің теңгерімді үйлесімін көрсетеді, бұл ылғалдан қорғануды қамтамасыз ете отырып, гигиеналық жайлылықты сақтайды. Алынған нәтижелер туристер мен спортшыларға арналған сыртқы киім материалдарын пайдалану жағдайлары мен функционалдық талаптарға сәйкес таңдауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
Loading...