ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ZERO WASTE DESIGN ЖӘНЕ ЭКОӨНДІРІС КОНТЕКСІНДЕГІ ҚҰРАҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/CYOL1602Тірек сөздер:
құрақ, Zero Waste Design, экологиялық өндіріс, Қазақстандық этнофутуризм, тұрақты сән, апсайклинг, этнодизайн, қалдықсыз технологиялар, циркулярлық дизайнАңдатпа
Мақалада дәстүрлі қазақтың құрақ құрау өнері Қазақстанның заманауи сән және тоқыма өнеркәсібінде Zero Waste Design тұжырымдамасын жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылады. Зерттеуде этномәдени мұраны қалдықсыз өндірістің тиімді әдісіне айналдыру мүмкіндігі көрсетілген. Тұрақты даму жағдайында құрақ технологиясын қолданудың экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени аспектілері талданған. Зерттеу нәтижелері құрақтың тек сәндік өнер түрі ғана емес, сонымен қатар тоқыма қалдықтарын барынша азайтуға және бірегей, ұлттық ерекшелігі сақталған өнімдер жасауға мүмкіндік беретін циркулярлық дизайнның толыққанды технологиялық моделі екенін дәлелдейді. Зерттеуде салыстырмалы талдау, эксперименттік жобалау, пішім схемаларын математикалық модельдеу және визуалды-морфологиялық талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде құрақ құрастыру алгоритмдерінің қалдықсыз пішу қағидаттарына толық сәйкес келетіні анықталып, автоматтандырылған пішуге арналған үлгілік схемалар әзірленді. Құрақ модульдерін дайындаудың негізгі технологиялары жүйеленіп, дәстүрлі тігін өндірісі мен құрақ технологиясына негізделген экологиялық өндірістің салыстырмалы талдауы жүргізілді. Сонымен қатар, құрақ тәсілдерінің өнеркәсіптік және қолөнер өндірісінде қолданылуына байланысты жіктемесі ұсынылды. Зерттеу құрақтың циркулярлық дизайнның ұлттық әрі тиімді тәсілі ретіндегі ғылыми маңызын негіздеп, Zero Waste технологияларын Қазақстанның заманауи тоқыма және тігін өндірісіне енгізуге арналған практикалық ұсынымдар ұсынады.

