ӘЙЕЛ КИІМ ЖИЫНТЫҒЫН ДАЙЫНДАУДА ОЮ-ӨРНЕКПЕН ӘРЛЕП БЕЗЕНДІРУДІҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/CTZZ4689Тірек сөздер:
ұлттық киім, әйел киімі, ою-өрнек, көркемдеп безендіру, сублимациялық баспа, сәндік элементАңдатпа
Әйел киім жиынтығын заманауи үлгіде дайындауда, этномәдени құндылықтарды сақтап жаңаша интерпретациялауда, заманауи сән талаптарына сай көркемдеп безендіруде, қазақтың ұлттық ою-өрнектердің түрлері зерттелді. Мақалада әйел киім жиынтығы дәстүрлі қазақ киімдерінің пішіндік құрылымын сақтай отырып, қазіргі заман үлгілеріне сай сублимациялық баспа әдісте ою-өрнектермен безендірілді. Зерттеу жұмысында ою-өрнекпен безендірілген сынақтық үлгілердің бояуының тұрақтылығы, шыдамдылығы мен беріктілік көрсеткіштері, әрленген бояуының сулануға төзімділігі мен гигроскопиялық қасиетінің тұрақтылығы стандарттық көрсеткішпен талданды. Нәтижесінде, шыдамдылығы мен беріктілік көрсеткіштері, бояуының тұрақтылығын және әрленген бояуының сулануға төзімділігін талдағанда, ең жоғары сапа көрсеткіштерін кашемир мен бархыт материалдары көрсетті. Милана мата үлгісі барлық сынақтарда стандарттық талаптағы көрсеткіштерге сәйкес келді, күнделікті тұтынатын киімдерге қолдануға ұсынылды. Шифон мен армани жібегінің сынақтық үлгілері төменгі көрсеткіштерді көрсетті, нәтижесінде оларды сәндік материалға қолдануға ұсынылды. Зерттеу нәтижесінде, сублимациялық баспа әдісінде ою-өрнектермен кашемир және милан материалдары безендірілді және заманауи әйел киім жиынтығы дайындалды.
