ФОТОХИМИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ДИЭЛЕКТРЛІ МАТЕРИАЛ БЕТІНДЕ ТОҚ ӨТКІЗГІШ ҚАПТАМА АЛУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/CDEN1271Тірек сөздер:
күміс қабаты, полиэстер, тоқ өткізгіш материал, фотохимиялық әдісАңдатпа
Бұл зерттеу жұмысында фотохимиялық әдіспен полиэстер материалының бетінде өткізгіш қаптамасы бар жаңа материал алынды. Тоқ өткізгіш қаптама ретінде күміс қабықшасы тұндырылып, зерттеу жургізілді. Зерттеу жұмысының өзектілігі ретінде - әдістің экологиялық тазалығы сонымен қатар, энергияны көп қажет етпейтін фотохимиялық әдістің диэлектрлі материалдардың қасиетімен қолданысын кеңейтуге мүмкіншілік беруі болып табылады. Үлгі ретінде алынған материалдардың морфологиялық, химиялық және элементтік құрамдары расторлы электрондық микроскопия (РЭМ) және инфрақызыл спектроскопия (ИК) қондырғылары арқылы зерттелінді. РЭМ нәтижелері бойынша полиэстер материалының бастапқы құрылымының таза және тегіс екендігіне көз жеткізілді, ал күмістелгеннен кейін материал беті түйіршікті құрылымға ие болғандығы байқалды. Өткізгіш қабаттың элементтік құрамын талдау барысында күміс иондары шамамен 90 пайызды құрады. Бұл нәтижелер күмістің біркелкі таралғандығын көрсетті. Зерттеу нәтижелері диэлектрлі материалдардың және тоқыма маталардың тиімді және үнемді тәсіл бойынша түрлендіріп, оның қолданысын кеңейтуге болатындығын көрсетті

