МОДИФИКАЦИЯЛАУШЫ ҚОСПАЛАРЫ БАР ФОСФОРЛЫ ШЛАК НЕГІЗІНДЕГІ ҰСАҚ ҰНТАҚТАЛҒАН ЦЕМЕНТТІҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/CWRB1127Тірек сөздер:
гидратация, жұқа майдаланған цемент, композициялық материалдар, композициялық цемент, механикалық активтендіру, модификациялаушы қоспалар, ресурсты үнемдеу, техногендік қалдықтар, фосфорлы шлак, цемент тасыАңдатпа
Мақалада модификациялаушы қоспалар енгізілген электротермофосфорлы шлак негізіндегі жұқамайдаланған цементтің физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Механикалық активтендірудің цементтің меншікті бетіне, гидратация процестеріне, цемент тасының микроқұрылымына және беріктік сипаттамаларына әсері зерттелді. Рентгенфазалық талдау, сканерлеуші электрондық микроскопия, дифференциалдық-термиялық талдау және механикалық сынақтар қолданылды. Механикалық активтендіру дәрежесінің артуы фосфорлы шлактың гидравликалық белсенділігін жоғарылатып, құрылым түзілуін қарқындататыны анықталды. Цементтің меншікті беті 320-дан 610 м²/кг-ға дейін артқанда, 28 тәуліктегі сығылуға беріктігі 38,4-тен 66,5 МПа-ға дейін өсті, ал кеуектілігі 21,8%-дан 12,9%-ға дейін төмендеді. Поликарбоксилат негізіндегі суперпластификаторлар су-цемент қатынасын төмендетіп, құрылымды тығыздауға мүмкіндік берді. Фосфорлы шлакты пайдалану клинкер шығынын және CO₂ шығарындыларын азайтып, бетонның пайдалану қасиеттерін жақсартатыны көрсетілді.

