ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН МҰНАРА КРАНДАРЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІН ӘЗІРЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/KETX8183Тірек сөздер:
мұнара крандары , тұрақтылық , аударылу сәті , сандық модельдеу , жүктеме , ANSYS.Аңдатпа
Бұл жұмыста мұнара крандарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған есептеу әдістемесі әзірленді. Әдістеме кранның жұмыс режиміндегі негізгі әсер етуші факторларды - көтерілетін жүк, жел жүктемесі, динамикалық күштер, кранның өз салмағы және тірек шарттарын - кешенді ескеруге мүмкіндік береді. Сандық модельдеу нәтижелері бойынша кранның орын ауыстырулары, эквивалентті кернеулері, тірек реакциялары және тұрақтылықты жоғалту формалары зерттелді. Жүктеме–орын ауыстыру диаграммасы арқылы критикалық жүктеме мен тұрақтылық шегі дәл анықталды, ал тұрақтылық коэффициентінің жебе ұзындығына тәуелділігі қауіпті жұмыс режимдерін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. ANSYS – та зерттеу әдістемесі бойынша есептеу жұмыстары жасалды.
Ұсынылған әдістеме мұнара крандарын жобалау, монтаждау және пайдалану кезеңдерінде қолдануға арналған және құрылыс жұмыстарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
