ӨСІМДІК ЭКСТРАКТІЛЕРІ СЫҒЫНДЫЛАРЫМЕН БОЯЛҒАН ҚОЙ ТЕРІСІНЕН АЛЫНҒАН БЫЛҒАРЫНЫҢ БЕРІКТІК ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

ӨСІМДІК ЭКСТРАКТІЛЕРІ СЫҒЫНДЫЛАРЫМЕН БОЯЛҒАН ҚОЙ ТЕРІСІНЕН АЛЫНҒАН БЫЛҒАРЫНЫҢ БЕРІКТІК ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Г.А. Наетова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан
  • Б. Абзалбекұлы М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан
  • К.Д. Кожабергенова Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, Астана, Қазақстан
  • М.Д. Мэлс Алматы технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/SFNB1737

Тірек сөздер:

табиғи бояғыштар, өсімдік сығындылары, былғары өнеркәсібі, экологиялық өңдеу, жүзгін, беріктік қасиеттері, экоматериалдар

Аңдатпа

Мақалада табиғи өсімдік бояуларын қолдана отырып, жеңіл өнеркәсіптің былғары материалдарын өңдеудің экологиялық аспектілері қаралды. Зерттеудің өзектілігі синтетикалық химиялық заттарды пайдалануға негізделген бояудың дәстүрлі процестерінің жоғары экологиялық жүктемесіне негізделген. Жұмыстың мақсаты аяқ киім және былғары өнімдері өндірісінде пайдаланылатын материалдарды экологиялық қауіпсіз бояу үшін жергілікті өсімдік шикізатының сығындыларын қолдану мүмкіндігін зерттеу болып табылады. Зерттеу объектілері ретінде марена, емен қабығы және жүзгін (Calligonum aphyllum) сығындыларымен боялған тоқыма маталар мен қой терісінің үлгілері пайдаланылды. Өсімдік сығындыларын алу технологиясы мен өңдеу операцияларының дәйектілігін сипаттау жүргізілді. Қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкес, боялған үлгілердің беріктік қасиеттері, оның ішінде қалыңдығы, үзілу кезіндегі беріктік шегі және салыстырмалы ұзарту анықталған. Зерттеу нәтижелері табиғи өсімдік бояуларын қолдану материалдардың біркелкі боялуын, құрылымның біртектілігін және былғарының қанағаттанарлық төзімділік сипаттамаларын сақтауды қамтамасыз ететінін көрсетті. Өсімдік сығындыларын пайдалану қоршаған ортаға химиялық жүктемені азайтуға және жеңіл өнеркәсіптің тұрақты дамуының заманауи талаптарына сәйкес келетін экологиялық қауіпсіз материалдарын алуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
Loading...