ПАСТЕРЛЕУ РЕЖИМДЕРІНІҢ АРАЛАС СҮТ ҚОСПАЛАРЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/CMHY8367Тірек сөздер:
сиыр сүті, ешкі сүті, бие сүті, сүт қоспасы, пастеризацияАңдатпа
Мақалада сиыр, ешкі және бие сүтінен әртүрлі арақатынаста дайындалған сүт қоспаларына пастерлеудің әртүрлі температура-уақыттық режимдерінің әсері кешенді түрде зерттелген. Зерттеу барысында органолептикалық бағалау нәтижелері физика-химиялық көрсеткіштермен өзара байланыста қарастырылып, май мен ақуыздың массалық үлесі, құрғақ заттар мөлшері, тығыздық, титрленетін және активті қышқылдық көрсеткіштерінің өзгеру заңдылықтары анықталды. Пастерлеу режимінің ақуыз-фосфолипидті кешендердің күйіне ықпал етіп, қоспалардың құрылымдық тұрақтылығы мен сенсорлық қабылдануына әсер ететіні көрсетілді. Қоспада ешкі және бие сүтінің үлесі артқан сайын тығыздық пен құрғақ заттар мөлшерінің төмендеу үрдісі байқалып, бұл олардың химиялық құрам ерекшеліктерімен түсіндірілді. Эксперименттік деректер пастерлеудің микробиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, биологиялық құндылығы жоғары компоненттердің сақталуына мүмкіндік беретін оңтайлы режимдерін ғылыми негіздеуге жол ашты. Алынған нәтижелер балалар тағамына арналған көпкомпонентті сүт өнімдерінің рецептурасы мен технологиясын жетілдіруде қолдануға ұсынылады.

