КОМПОЗИТТІ ҚОСПАЛАРДЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ ПЕЧЕНЬЕНІҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ САПАСЫНА ӘСЕРІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/YJZR8529Тірек сөздер:
Созылмалы печенье, қант қызылшасы ұнтағы, жасымық ұны, тағамдық талшықтар, минералды заттар, дәрумендер, тағамдық құндылық, антиоксиданттық қасиет, функционалдық қасиеттерАңдатпа
Бұл зерттеу композитті қоспаларды ұнға қосу арқылы кондитер өнімдерінің, атап айтқанда созылмалы печеньенің тағамдық құндылығы мен функционалдық сипаттамаларын арттыруға бағытталған. Қант қызылшасы ұнтағы құрамында табиғи қанттармен қатар витаминдер (әсіресе В тобы және С), минералдар (темір, кальций, калий, магний) және антиоксиданттық заттар бар. Бұл печеньенің тағамдық құндылығын айтарлықтай арттырады. Жасымық ұнын печенье құрамына енгізу өнімнің тағамдық және функционалдық қасиеттерін айтарлықтай жақсартады. Ол өсімдік текті жоғары сапалы ақуыздың, тағамдық талшықтардың, В тобы витаминдерінің және минералдық заттардың (темір, магний, фосфор) көзі болып табылады. Жасымық ұнының қосылуы печеньедегі ақуыз мөлшерін арттырып, көмірсулардың сіңу жылдамдығын баяулатады. Сонымен қатар, тағамдық талшықтар ас қорыту үдерісін жақсартып, функционалдық әсер көрсетеді. Зерттеу нәтижелері бойынша қант қызылшасы ұнтағы мен жасымық ұны созылмалы печеньенің тағамдық құндылығын жоғарылап, өнімнің функциональдық қасиеті артқанына көз жеткізуге болады. Композитті қоспаларды қолднау ұнды кондитер өнімдеріне тән дәстүрлі тағамдық қасиеттерді сақтай отырып, жүргізілген зерттеу аясында созылмалы печеньенің минералдық заттар мен дәрумендер құрамын байытуға, оның тағамдық құндылығын арттыруға және функционалдық қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік берді.

