BLACK WIDOW ОПТИМИЗАЦИЯ АЛГОРИТМІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 2D/3D ФЕРМАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ЗАҚЫМДАЛУДЫ БОЛЖАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/JLHV3079Тірек сөздер:
зақымдалуды болжау, 2D/3D фермалық құрылым, соңғы элементтер әдісі, меншікті жиілік, black widow оптимизациясыАңдатпа
Қарапайымдылығы мен бейімделгіштігінің арқасында табиғаттан шабыт алған оңтайландыру алгоритмдері техникалық және ғылыми есептердің кең ауқымын шешуге қабілетті. Соңғы жылдары метаэвристикалық алгоритмдер құрылымдық механика мәселелерін шешудің тиімді әдістері ретінде кеңінен қолданылып келеді. Бұл зерттеуде 2D/3D фермалық құрылымдардың зақымдалуын болжау үшін метаэвристикалық Black Widow Optimization Algorithm (BWOA) қолданылады. Каннибализм осы алгоритмнің ерекше кезеңдерінің бірі болып табылады. Осы кезеңнің нәтижесінде жарамдылығы төмен дарақтар популяциядан алынып тасталады, бұл ерте жинақталуға әкеледі. Сонымен қатар, фермалық құрылымдарға арналған соңғы элементтер әдісі арқылы алынған меншікті тербеліс жиіліктерін мақсаттық функцияны қалыптастыруда қолдану бұл алгоритмнің белгісіз және күрделі іздеу кеңістігі бар нақты инженерлік есептерді шешудегі тиімділігін дәлелдейді.

