ӘРЛЕУДІҢ БЫЛҒАРЫ ҚҰРЫЛЫМЫНА ӘСЕРІН МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/TNZA3076Тірек сөздер:
былғарының құрамы, былғарыны әрлеу, өңдеу, хром, РЭМАңдатпа
Бұл ғылыми жұмыс былғарыны әрлеу процесінің материалдың микроқұрылымы мен химиялық элементтік құрамына тигізген әсерін зерттеуге арналған. Зерттеуде хроммен иленген жартылай фабрикат (Wet blue) және толық өңделіп, әрленген былғары үлгілері қолданылды. Негізгі әдіс ретінде Растрлық Электронды Микроскопия (РЭМ) және элементтік талдау қолданылды. РЭМ әдісі коллаген талшықтарының морфологиясын, тығыздығын және өңдеуден кейінгі өзгерістерін (деформация, әрлеу қабатының түзілуі) жоғары ажыратымдылықта бақылауға мүмкіндік берді. Wet blue күйінен әрленген былғарыға өткенде, құрамға Титан (Ti), Кремний (Si), Алюминий (Al) және Фосфор (P) сияқты маңызды элементтер енгізілгені анықталды. Бұл былғарының хром-титанды комбинирленген илеуден өткенін, силиконды қосылыстармен су өткізбейтін қасиет берілгенін және TiO₂ негізіндегі пигментпен боялғанын дәлелдеді. Әрленген былғарыда Натрий (Na) және Хлор (Cl) қалдықтарының үлесі Wet blue үлгісімен салыстырғанда едәуір төмендеген. Әрлеу жұмыстары кезіндегі механикалық өңдеулер былғарының беткі қабатын тығыздап, тегістеді, су өткізбеушілікті арттырды. Алайда, бұл деформация коллаген талшықтарын біріктіріп, терінің жалпы беріктігін арттырғанымен, оның табиғи икемділігін төмендетеді.
