СУДЫ ОЗОНДАУ КЕЗІНДЕГІ БРОМАТТАРДЫҢ ТҮЗІЛУІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕГІ БАСҚАРУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/GHDV3095Тірек сөздер:
суды озондау, броматтар, кинетика, жасанды интеллект, зияткерлік жүйе, су тазартуАңдатпа
Бұл мақалада суды озондау процесінде броматтардың түзілу механизмі қарастырылды және олардың түзілу кинетикасы зерттелді. Озондау кезінде рН деңгейі, температура, озон дозасы және байланысу уақыты сияқты негізгі факторлардың әсері анықталды. Броматтардың түзілуін азайтуға бағытталған әдістер қарастырылды, олардың ішінде рН-ты төмендету, реагенттер қосу және көпсатылы озондау тәсілдері тиімділігімен ерекшеленді. Сонымен қатар, жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды басқару жүйесі әзірленді. Бұл жүйе судың сапасын нақты уақыт режимінде талдап, броматтардың түзілуін болжауға және озондау параметрлерін автоматты түрде оңтайландыруға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер Арал теңізі аймағына тән тұрақсыз су сапасы жағдайында технологияның тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.

