ФУНКЦИОНАЛДЫ ИНГРЕДИЕНТТЕРІ ҚОСЫЛҒАН СҮТ ТҰЗДЫҒЫНЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН БАҒАЛАУ

ФУНКЦИОНАЛДЫ ИНГРЕДИЕНТТЕРІ ҚОСЫЛҒАН СҮТ ТҰЗДЫҒЫНЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Б.М. Хамитова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • М.Ә. Тұрлыбек М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • И.Р. Садырбаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/EGFB2436

Тірек сөздер:

функционалдық ингредиенттер, сүт тұздығы, биологиялық белсенді заттар, диеталық қасиеттері, өсімдік қоспалары, сүзбе сарысуы

Аңдатпа

Бұл мақалада сүт тұздығына қолданылатын көкөністерге физика-химиялық талдаулар келтірілген. Функционалды ингредиенттері қосылған сүт тұздығына органолептикалық және физика-химиялық зерттеулер жүргізілді. Көкөніс дақылдарын, атап айтқанда пастернак пюресін сүт өнімдерінің технологиясында қолдану өте өзекті болып келеді. Көкөністердің құрамына кіретін қоректік заттардың, физиологиялық белсенді заттардың кең спектрі оларды функционалды мақсаттағы өнімдерді жасау үшін шикізат ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Функционалды ингредиенттердің қосылуымен дайын өнімнің құрылымдық-реологиялық, органолептикалық қасиеттері жақсарады, тағамдық және биологиялық құндылығы артады. Қоспаның оңтайлы дозасы 10% құрайды. Тұздықтың технологиясы да жасалды, оның құрамына сүзбе сарысуы кіреді, бұл оның биологиялық құндылығын арттырады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...