ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІРІЛЕТІН НОҚАТ (CICER ARIETINUM L.) ПЕН БҰРШАҚ (PISUM SATIVUM L.) СҰРЫПТАРЫНЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/HQUQ1665Тірек сөздер:
ноқат, бұршақ, дәнді-бұршақты дақылдар, физика-химиялық көрсеткіштер, дәннің натурасы, 1000 дән массасы, тығыздық, қышқылдық, тамақ өнеркәсібіАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында өсірілетін ноқат (Cicer arietinum L.) пен бұршақтың (Pisum sativum L.) дәндерінің физика-химиялық көрсеткіштеріне кешенді баға берілді. Негізгі параметрлер (натурасы, 1000 дән массасы, тығыздығы, дән көлемі, ылғалдылығы және қышқылдығы) анықталып, салыстырмалы талдау жүргізілді. Ноқаттың жоғары натурасымен, 1000 дән массасымен және дән көлемімен ерекшеленетіні, ал бұршақтың тығыздығы жоғары әрі қышқылдығы төмен екені анықталды. Алынған нәтижелер жергілікті генотиптердің қасиеттері туралы деректерді толықтырып, аталған дақылдардың тамақ өнеркәсібінде қолдануға технологиялық жарамдылығын дәлелдейді.
Жүктеулер
Жарияланды
2025-12-30
Журналдың саны
Бөлім
Тамақ өнімдерінің технологиялары

