І ТИПТІ ШӨГУГЕ БЕЙІМ ТОПЫРАҚТАР ЖАҒДАЙЫНДА ҚАҒЫЛҒАН ҚАДАЛАРДЫ СТАТИКАЛЫҚ СЫНАУ

І ТИПТІ ШӨГУГЕ БЕЙІМ ТОПЫРАҚТАР ЖАҒДАЙЫНДА ҚАҒЫЛҒАН ҚАДАЛАРДЫ СТАТИКАЛЫҚ СЫНАУ

Авторлар

  • Г.А. Жаирбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • А.Ж. Жусупбеков Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университеті, Астана, Казақстан
  • Н.У. Шакирова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • А.С. Мукашева Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университеті, Астана, Казақстан
  • Г.Т. Тлеуленова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/TPQC2682

Тірек сөздер:

шөгуге бейім топырақ, қағылған қада, статикалық сынақтар, көтергіштік қабілет

Аңдатпа

Мақалада I типті шөгуге бейім топырақтарда жүргізілген қағылған темірбетон қадалардың далалық сынақтарының нәтижелері қарастырылған. Сынақтар салынып жатқан зауыттың жөндеу-механикалық шеберханасының құрылыс алаңында орындалды. Зерттеудің негізгі мақсаты – шөгуге бейім топырақ жағдайында тік бағыттағы статикалық басу жүктемесі әсерінен қағылған қадалардың көтергіштік қабілетін анықтау болды. Статикалық сынақтар МЕМСТ 5686-2012 талаптарына сәйкес жүргізілді. Жүктеме түсіру алдында шөгуге бейім топырақты суға қанықтыру мақсатында негіз 3,8 м тереңдікке дейін алдын ала суландырылды. Инженерлік-геологиялық ізденістер аясында топырақ үлгілеріне зертханалық сынақтар жүргізіліп, олардың физика-механикалық қасиеттері анықталды, сондай-ақ жүктеме мен уақытқа байланысты қаданың шөгу графиктері тұрғызылды. Сынақ нәтижелері бойынша С120.30-13 маркалы қағылған қадалардың жоғары көтергіштік қабілетке (1083 кН-ға дейін) және өте аз шөгу мәндеріне (4,7 мм-ге дейін) ие екендігі анықталды. Бұл көрсеткіштер олардың күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда құрылыс жүргізу кезінде тиімді әрі сенімді екенін дәлелдейді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Құрылыс технологиялары
Loading...