ОРГАНИКАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ТӘЖІРИБЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/TRBK7955Тірек сөздер:
биогумус, органикалық қалдықтар, химиялық өңдеу, кальций гидроксиді, микробиологиялық талдау, экологиялық қауіпсіздік, вермикомпост, топырақ құнарлылығыАңдатпа
Бұл зерттеу жұмысында Түркістан облысында ірі қара малдың жаңа көңін химиялық өңдеу арқылы биогумус өндірісіне дайындау технологиясы зерттелді. Зерттеудің мақсаты – бастапқы шикізаттың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оның агрохимиялық және микробиологиялық сапасын арттыру. Бастапқы көңнің физика-химиялық (ылғалдылық – 72,4%, рН – 7,2, жалпы N – 1,15%, P₂O₅ – 0,72%, K₂O – 0,95%, органикалық заттар – 68,5%, C:N ≈ 25:1) және микробиологиялық құрамдары (Escherichia coli – 2,1×10⁶ КТБ/г, Salmonella spp. оң, гельминт жұмыртқалары – 15-20 дана/г) анықталды. Алдын ала өңдеу үшін 5% массалық үлеспен кальций гидроксидінің (Ca(OH)₂) 10% сулы суспензиясы қолданылды. Өңдеу барысында ортаның рН 11–12 деңгейіне көтеріліп, патогендер саны айтарлықтай төмендеді. Химиялық дезинфекциядан кейінгі компосттану кезеңінде микроб саны экспоненциалды түрде азайып, дайын биогумуста 1,0×10³ КТБ/г деңгейіне жетті, бұл санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай келеді. Зерттеу нәтижелері көңді химиялық өңдеу биогумус алу мерзімін қысқартып, қоректік элементтер құрамын (N, P, K) 10–25%-ға арттыратынын көрсетті. Бұл технология ауыл шаруашылығында экологиялық қауіпсіз, минералдарға бай органикалық тыңайтқыш өндіруге мүмкіндік береді.

